АДАЛДЫҚ САҒАТЫ: «ТУРАЛЫҚТЫ ТҰҒЫР ЕТКЕН ТӨЛЕ БИ»
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағаты» қазақ халқының шешендік өнеріне, ел бірлігін нығайтуға орасан үлес қосқан ойшыл, дана, туралығын айтар шешен Төле би бабамыздың жас ұрпаққа өнеге болар ғибратты ғұмыры мен өсиеттеріне, даналығы мен жеке қасиеттеріне арналды.
«Туралықты тұғыр еткен Төле би» тақырыбындағы онлайн-бейнедәріс барысында жастар Төле бидің осынша тарихи биік тұлға дәрежесіне жетуіне себеп болған тұлғалық қасиеттерімен танысты.
Соның негізгілері: ел мұратына деген кіршіксіз адалдық, билік айтардағы қара қылды қақ жарған әділдігі, ақиқатты ту етіп көтеруі.
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Биік талғамды ұрпақ"тәрбие жобасы
" Биік талғамды ұрпақ" жобасы
" Биік талғамды ұрпақ" жобасы аясында патриоттық тәрбие беру мақсатында Наурыз мерекесі туралы танымдық әңгіме өткізілді. Балалар қазақ әндерін тыңдады, презентацияны тамашалады, наурыздың неге және қалай мерекеленетінін білді. Соңында балалар Наурыз мерекесіне орай панно орындады!
Ауыл оқушыларына арналған Олимпиада
Құрметті оқушылар! Cіздерді Елбасының El Umiti бастамасы аясында ұйымдастырылып жатқан «Мың бала» ұлттық олимпиадасына қатысуға шақырамыз!
Бұл олимпиадаға соңғы екі жылда Қазақстан Республикасының ауылдық жерлерінде тұрып жатқан 5-ші және 6-шы сынып оқушылары қатыса алады.
Ұлттық олимпиаданың қорытындысы бойынша, ең үздік нәтиже көрсеткен 1000 жеңімпазға ҚР Білім және ғылым министрлігінің квотасына сәйкес, Республикалық физика-математикалық мектебінде, «Білім-инновация» лицейлерінде және «Дарын» мектептерінде білім алуға мүмкіндік беріледі.
Ал олимпиаданың қалған финалистері Елбасы Академиясы жанындағы «Birge oqý» онлайн мектебінде тегін білім алу құқығына ие болады.
Назар аударыңыздар! «Мың бала» ұлттық олимпиадасына қатысушыларды тіркеу ағымдағы жылдың 24 наурызына дейін https://1000bala.elbasyacademy.kz сайтында жүзеге асырылады.
Барлық сұрақтар бойынша 8 800 080 48 48 call-орталығына хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін.