Жол көлік қозғалысы жас инспекторларының облыстық Слеті

 

06102018_1.jpg

2019 жылдың 17 мамыр күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында жол көлік қозғалысы жас инспекторларының облыстық слеті өтті. Слетке аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздарынан 10 адамнан жасақталған командалар қатысты. Жас инспекторлар жол ережесін білу, жол-көлік апаттарында алғашқы көмек көрсету, көшелер мен жолдардағы қауіпсіздік бойынша білімдерін көрсете білді. Конкурстың басты талабы командалардың киім кию үлгісі және барлық қатысушылар тиісті атрибутикаларын дайындады, сайыскерлер салтанатты киімдерін киді. Сайыстың «Сап түзеу» кезеңінде барлық қатысушылар өздерінің көшбасшылық қабілеттерін көрсете біліп, әрбір отряд сап түзеу дайындықтарын ұсынды. Сонымен қатар сайыста «Велосипедті мәнерлеп сырғанау» кезеңінде қатысушылар спорттық дайындықтарын да ортаға салды. «Жол жүру ережелерін білгірлері» және «Жас жол реттеушілері» кезеңінде жас инспекторлар жол жүру ережелері бойынша білімдерін ортаға салды. Сонымен қатар сайыс шеңберінде «Эрудиттер турнирі» өтті. «Жас санитар» атты кезең сайыстың ең қызық тапсырмасы болды. Бұл жерде сайыскерлер ойын арқылы әр-түрлі жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетті. 
Конкурстың қортындысы бойынша ең көп ұпай жинаған Ертіс ауданының командасы бірінші орынды жеңіп алды. Олар жол көлік қозғалысы жас инспекторларының республикалық сайысына жолдама алды. Павлодар ауданының командасы екінші орында, ал Май ауданының командасы үшінші орынға жайғасты. Тереңкөл ауданынан № 2 Песчан ЖОББМ оқушылары қатысты. Біздің оқушылар байқаудың әр кезеңінде өздерін көрсете білді және өз ауданын лайықты көрсетті. "Велосипедті спорттық жүргізу" сайысында-Гурин Кирилл мен Жакуп Мадина жеңімпаз дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жарайсыңдар! Құттықтаймыз!

IMG-20190517-WA0020.jpg

 

 

 

IMG-20190517-WA0012_1.jpg

 

IMG-20190517-WA0016.jpg

 

 

 

 

BannerFans.com
<BannerFans.com

Яндекс.Ауа-райы

BannerFans.com

Instagram