Мұғалімдер күні

Машеро Наталья ВасильевнаМашеро Наталья Васильевна -өзінің педагогикалық қызметін 1981 жылы №2 Песчан ЖОББМ бастады.Педагогикалық өтілі 40 жыл. Ол оқытудың  теоретикалық және практикалық әдістемесін жетік білетін педагог. Өз жұмысында ол тек қана дәстүрлі әдістемені қолданбай сонымен қатар жаңа технологияларды да қолданады.

Наталья Васильевна әр сабағының мазмұны мен ұйымдастыру формаларын мұқият ойластырады.Сабақтарды қызықты өткізеді. Мұғалім оқушылардың ауызша ауыз сөз қабілеттерінің дамуына үлкен көңіл бөледі. Сабақтарда таблицалар, жұмыс парақтарын, тесттер,дидактикалық материалдарды қолданады. Оқушылар мұғалімнің тапсырмаларын қызығушылықпен орындайды.

Наталья Васильевна үшін әр бала жеке тұлға. Оның ойынша, мұғалім бастауыш сыныптарының оқушылары үшін тек қана мұғалім ғана болмай, ол баланың балалық шағын сақтаушы, әр оқушының мүмкіндіктерін аша алатын досы болуы керек.

Мұғалім бір орында тұрмай, үнемі өзінің білімін жоғарылатып отырады.Балалар тәрбиесінің жаңа әдістері мен тәсілдерін іздеуде. Көбінесе ол сыныптан тыс жұмысқа өте көп көңіл бөледі. Наталья Васильевна өзін жақсы педагог ретінде көрсетті. Ол өзінің оқушыларын өздігінен қосымша білім алуға, зерттеу қабілеттерін дамытуға үйретеді. Оның оқушылары ғылыми-практикалық конференцияларының жүлдегерлері.

Наталья Васильевна мектеп өміріне қызығушылық танытып, белсенді қатысып отырады. Мінезі жұмсақ, әрқашан да қол ұшын беруге дайын. Өз жұмысын сүйетін, ісіне адал, шығармашылық жағынан дамыған адам. Осы сапалары үшін әріптестердің, ата-аналардың және оқушылардың сыйластығына бөленген.

Мұғалімнің педагогикалық және әдістемелік шеберлік мәдениеті өте жоғары.Наталья Васильевна білім берудің сапасын жоғарылату үшін түрлі әдістерді іздестіріп, қолданып отырады. 

№2 Песчан ЖОББМ ұжымы.

BannerFans.com
<BannerFans.com

Яндекс.Ауа-райы

BannerFans.com

Instagram