Мектептің уставы

5ш4ьгт.png

 

 

Мемлекеттік мекеменің орыс тіліндегі толық атауы – Государственное учреждение «Песчанская средняя общеобразовательная школа № 2 района Тереңкөл».

         Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі қысқаша атауы « Тереңкөл ауданының № 2 Песчан жалпы орта білім беру мектебі» ММ.

         Мемлекеттік мекеменің орыс тіліндегі қысқаша атауы - ГУ «Песчанская средняя общеобразовательная школа № 2 района Тереңкөл».

11. Мемлекеттік мекеменің заңды мекенжайы: 140609, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Тереңкөл ауданы, Песчан ауылы, Шоссейная көшесі, 200.

2. Мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі

12. Мемлекеттік мекеме тіркеуден өткен сәттен бастап заңды тұлға құқығына ие болады.

13. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.

14. Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

15. Білім беру, тәрбиелеу іс-әрекетіне және түлектерге мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжатының беру құқығы Мемлекеттік мекемеге оған лицензияның берілу сәтінен басталады.

16. Мемлекеттік мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi.

3. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары

17. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні:

1) жалпы білім беру мемлекеттік стандарттарына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде тегін мектепке дейінгі және орта білім алу мүмкіндігін ұсыну;

2) тұлғаның жан-жақты дамуына, сонымен қоса оқушылардың өзіндік білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыратын және қосымша білім алу үшін жағымды жағдай жасау;

3) оқушы тұлғасының жалпы мәдениетін, олардың қоғамдағы өміріне бейімделуін қалыптастыру;

4) кәсіби бағдарламаларды саналы таңдауға және одан әрі меңгеру негізін құру;

5) Отанға деген сүйіспеншілік пен азаматтылықты тәрбиелеу болып табылады.

18. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты жалпы білім беру саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.

         19. Мемлекеттік мекеменің функциялары:

1) білім беру мемлекеттік стандарттарына сәйкес білім беру бағдарламаларын игеру үшін жағдай жасау;

              2) жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуы үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;

         3) азаматтық және патриоттық, өз Отаны - Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттің рәміздерін құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға және жемқорлыққа қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

         4) Республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысты қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

         5) әлемдік және Отандық мәдениеттің жетістіктеріне, қазақ халқы мен Республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеуге баулу; мемлекеттік, орыс, шетел тілдерін меңгеру; оқытудың жаңа технологияларын, педагогикалық үрдістің ақпараттандырылуын енгізу.

         20. Мемлекеттік мекеме білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асырады:

1) мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу;

2) бастауыш білім беру;

3) негізгі орта білім беру;

4) жалпы орта білім беру.

Тұлғаның мүмүкіндіктері мен қызығушылықтарын жүзеге асыруға бағытталған оқушылардың таңдауы бойынша негізгі пәндерге қосымша білім беру ұйымдастырылады.

21. Жалпы орта білім мен негізгі орта білім бағдарламаларын меңгеру түлектердің міндетті қорытынды аттестациясымен аяқталады; көшіру және қайта оқыту Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің нұсқауына сәйкес жүзеге асырылады.

22. Жергілікті атқарушы орган мен ата-аналар қызығушылықтарының келісімі бойынша арнайы және профильді сыныптар мен топтар, психологиялық дамуында тежеулер бар оқушылар үшін түзету сыныптары ашылуы мүмкін.

23. Лицензиялауға жататын іс-әрекет түрлері, сәйкесінше, Мемлекеттік мекеме лицензия алғаннан кейін жүзеге асырылады.

24. Мемлекеттік мекеменің құрылу мақсатына сәйкес келмейтін іс-әрекетпен айналысуға Мемлекеттік мекеме құқылы емес.

4. Мемлекеттік мекемені басқару

         25. Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды Уәкілетті орган жүзеге асырады.

          26. Уәкілетті орган заңнамамен белгіленген тәртіпке сәйкес мына функцияларды жүзеге асырады:

1) мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;

2) мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

3) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

4) мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;

5) мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;

6) мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;

7) мемлекеттік мекеме басшысының ұсынымы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

8) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;

9) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға, мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;

10) осы жарғының және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

         27. Мемлекеттік мекеменің директоры Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

         28. Мемлекеттік мекеменің директоры мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, уәкілетті органға тікелей бағынады (Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.

29. Мемлекеттік мекеменің директоры дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда айқындалатын өз құзіретіне сәйкес дербес шешеді.

30. Мемлекеттік мекеме директорының мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.

31. Мемлекеттік мекеменің қызметті жүзеге асыруы барысында мемлекеттік мекеме директоры Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда Мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

3) шарттар жасайды;

4) сенімхаттар береді;

5) Мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың озге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

6) банк шоттарын ашады;

7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

8) Уәкілетті органы тағайындайтын қызметкерлерден басқа, Мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

9) Мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу және жазалау шараларын қолданады;

10) өз орынбасарының және Мемлекеттік мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктер аясын айқындайды;

11) Мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қолданады;

12) Мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл бойынша міндеттерді орындауда жеке жауап береді;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы жарғымен және Уәкілетті органмен жүктелген міндеттерді жүзеге асырады.

32. Мемлекеттік мекеме мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық келісім шартқа сәйкес реттеледі.

33. Мемлекеттік мекеме мен коммуналды мүлікті басқарушы Уәкілетті орган арасында өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы Заңнамасымен реттеледі.

         34. Мемлекеттік мекеме мен сәйкес саланың Уәкілетті органы арасында қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

         35. Мемлекеттік мекемеде басқарудың ұжымдық органдары құрылады. Мемлекеттік мекеменің ұжымдық басқару формалары жұмыстарының ұйымдастырылуының типтік ережелері, олардың тағайындалуы тәртібі Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған мектептің педагогикалық кеңесі, қамқоршылық кеңесі, әдістемелік кеңесі және т.б. формалары бола алады.

5. Ағымдағы білім беру жүйесі, оқушылардың аралық және қорытынды аттестациясы, оларды өткізу формалары мен реті.

Мектептің мемлекеттік аттестатталуы

36. Білім алушылардың аралық және қорытынды аттестациялануы үлгерімінің ағымдағы бақылауы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

37. Мектепті мемлекеттік аттестаттау:

1) Мемлекеттік мекемені аттестаттау өкілетті органмен ұйымдастыры-лады;

2) Мемлекеттік мекемені аттестаттау өкілетті орган құрған аттестаттау комиссиясымен өткізіледі;

3) Мемлекеттік мекемені аттестаттау Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарын аттестаттау» ережесімен белгіленген тәртіпте аттестаттау кестесін қатаң сақтау арқылы жүзеге асырылады.

6. Мемлекеттік мекеменің мүлкі және Құрылтайшы мекемеге бекіткен меншік объектілерін қолдану тәртібі

         38. Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған жедел басқару құқығында тиесілі және коммуналдық меншікке жатқызылады.

         39. Мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың:

         1) негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттан құралған Құрылтайшы берген мүлік;

         2) құны Мемлекеттік мекеменің дербес балансында көрсетілетін басқа да мүлік;

         3) Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен құрылады.

         40. Мемлекеттік мекеме,егер басқасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен орнатылмаса дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета қаражаты бойынша мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге бөлінген құқығы жоқ.

         41. Мемлекеттік мекеме мүлікті тағайындауға, қызметтің жарғылық мақсаттарына сәйкес жедел басқару құқығында оған бекітілген мүлікке иелік етеді, пайдаланады және басшылық етеді.

7. Оқушылар мен тәрбиеленушілер, олардың ата-аналары және (немесе) басқа да заңды өкілдерімен білім беру мекемесінің қарым-қатынас орнату тәртібі

         42. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер:

1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;

2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес жекелей оқу жоспары, білім беру ұйымы кеңесінің шешімі бойынша қысқартылған оқу бағдарламалары бойынша білім алуға;

3) оқу жоспарына сәйкес альтернативті курстарды таңдау;

4) мектептің басқаруына қатысуға;

5) Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес бір мектептен екінші мектепке немесе оқытудың бір формасынан екінші формасына ауысуға;

6) мектептегі ақпарат көздерімен тегін қолдануға, кітаппен, оқу-әдістемелік кешенмен қамтылуға,

7) спорттық, оқулық, акт залдарымен, компьютерлік сыныптармен және кітапханамен тегін қолдануға;

8) Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтылу бойынша ақпараттандырылуға;

9) өз ойын еркін түрде жеткізе алуға;

10) өзінің адамдық беделін құрметтеуге;

11) оқудағы, ғылыми және шығармашылық іс әрекеттегі жетістіктері үшін марапатталуға;

12) Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес жедел әскери қызметке шақырудың кейінге қалдыруына құқылы.

         43. Білім берушілер мен тәрбиеленушілер:

1) жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім, білік, дағдыларды меңгеру, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, мектеп Жарғысымен қарастырылған басқа да талаптарды орындауға;

2) өзінің денсаулығына қамқор болу, рухани және физикалық жетілуге ұмтылу;

3) білім беру бөліміндегі өкілетті органмен қарастырылған мектеп формасына деген талаптарды орындауға міндетті;

4) педагогикалық қызметкердің ары мен беделін, мектептің салт дәстүрлерін құрметтеуге міндетті;

5) оқушылар міндеттерін атқармаған жағдайда мектеп Жарғысы мен ішкі тәртіп бойынша немесе Қазақстан Ресубликасының заңнамасында қарастырылған басқа да тәртіптік іс-әрекет қолданылуы мүмкін.

44. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды тұлғалары:

1) баланың қалауы мен жеке басының бейімділігін ескере отырып, білім беру ұйымдарын таңдауға;

2) ата-аналар комитеті арқылы мектепті басқару ұйымдары жұмысына қатысуға;

3) мектеп ұйымынан өз балаларының үлгерімдері, тәртібі және оқу жағдайлары жөнінде ақпарат алуға;

         4) психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру орталық- тарынан өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу проблемалары жөнінде көмек алуға құқылы.

         45. Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдері:

1) балалардың өмірі мен білім алуына деген қауіпсіз жағдай жасау және денсаулықтарын қамтамасыз ету, олардың интеллектуалды және физикалық күшінің, танымдық негізін қалыптастыруға;

2) жалпы білім беретінорта мектебіне негіз болатын мектепке дейінгі дайындықпен қамтамасыз етуге;

3) мектеп Жарғысымен белгіленген ережелерді орындауға;

4) білім беру мекемесінде балалардың сабаққа қатысуын қамтамасыз етуге;

5) мектеп қызметкерлерінің ар мен беделін құрметтеуге;

6) білім беру бөліміндегі өкілетті органмен қарастырылған мектеп формасына деген талаптарды орындауға міндетті;

7) мектеп формасы оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып енгізіледі;

8) мектеп формасы күнделікті, спорттық және парадтық деп бөлінеді;

9) мектеп формасына түрлі конфессияларға жатқызылатын діни киімдерінің элементтерін қосуға тыйым салынады.

8. Білім беру ұйымдарына қабылдау және шығару тәртібі

46. Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру мекемелеріне қабылдау тәртібі тиісті оқу орындарына қабылдаудың типтік ережелерінде белгіленеді.

47. Оқушылар мен тәрбиеленушілерді қабылдауды ұйымдастыру:

1) Мемлекеттік мекемеге азаматты қабылдау кезінде, азаматты және оның ата-анасын немесе заңды тұлғасын мектеп Жарғысымен, білім беру іс-әрекетін жүргізуге құқылы лицензиясымен және оқыту-тәрбиелеу процесінің ұйымдастыру мен қабылдау тәртібінің басқа да құжаттарымен таныстыру қажет;

2) Мемлекеттік мекеме азаматтарды қабылдауды құрылтайшы мен оның уәкілетті органымен тұрақталған тәртіпке сәйкес жалпы орта білім алуға құқылы барлық азаматтарды қабылдайды;

3) жалпы орта білім берудегі жеке пәндерді тереңдетіп оқуға оқушылардың конкурстық түрдегі өтініштері бойынша қабылданады. Мемлекеттік мекемеде әзірлеген конкурстың шарттары азаматтардың кез-келген жалпы орта білім беру мектебінде кез-келген формада жалпы орта білім алуына кепілдік беруі керек.

4) мектеп алды даярлық топтарына бес жасар балалар қабылданады. Мемлекеттік мекемедегі мектеалды даярлық сыныптары тегін.

5) Мемлекеттік мекеме алтыжасар балаларды дайындық деңгейіне қарамастан бірінші сыныпқа қабылдаумен қамтамасыз етеді.

6) бірінші сыныпқа түсетін оқушылардың ата-аналарынан немесе басқа да заңды өкілдерден құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1 маусымнан                      30 тамызға дейін жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылдау уақыты өзгеруі мүмкін.

7) оқушыларды бірінші сыныпқа қабылдағанда емтихан, тестілеу, конкурстар, сынақтар өткізілмейді.

     Мектепке құжаттарды қабылдау «Жалпы білім, орта білім, бастауыш білім беру бағдарламалары бойынша білім алу үшін білім беру мекемесіне қабылдау» атты мемлекеттік қызметке сай жүзеге асырылады;

48. Білім алушылардың және тәрбиеленушілердің мемлекеттік мекемеден кетуі келесі себептерге байланысты өткізіледі:

1) ата-аналардың өтініші бойынша (немесе басқа заңды өкілдері);

2) мемлекеттік мекемеде болуына кедергі ететін баланың денсаулығы туралы медициналық қаралудың қорытындысы бойынша;

3) ата-аналардың, (заңды өкілдерінің) ата-аналар шартын орындамаған жағдайда. Ата – аналар баланы мекемеден босату алдында 7 күн бұрын жазбаша түрде хабарландырылады. Олар жазбаша түрде хабарлама алғаннан кейін бір айлық мерзімде шағымдануға құқылы.

4) Жетім балалар және ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларды мекемеден шығару қорғаншылық органдарының келісімі бойынша шешім шығарылады.

9. Мектептің білім беру үрдісін ұйымдастыру тәртібі

         49. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес құрастырылған жалпы білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарлары негізінде мемлекеттік және орыс тілінде оқу процесін ұйымдастырады.

         50. Жұмыс оқу жоспарын және нақты мекеменің спецификасын анықтайтын және базистік оқу жоспарының вариативті бөліміне енетін пәндердің оқу жоспарларын әзірлеуді Мемлекеттік мекеме аудандық әдістемелік кабинетпен ақылдаса отырып, өз бетінше жүзеге асыра алады.

         51. Мемлекеттік мекеме жүзеге асырылатын жалпы білімге:

         1) мектепке дейінгі тәрбиелеу, жалпы білім беру бағдарламасы аясында бес жасар балаларды мектепке дейін міндетті дайындау;

         2) жалпы бастауыш (1-4 сыныптар);

         3) жалпы негізгі (5- 9 сыныптар);

         4) жалпы орта (10-11 сыныптар) кіреді;

         52. Оқу-тәрбие қызметі тиісті оқу бағдарламаларымен жоспарларына сәйкес жүргізіледі.

         53. Жалпы негізгі және орта мектеп бағдарламаларын меңгеру түлектерді міндетті қорытынды мемлекеттік аттестаттауымен және тиісті құжаттарды берумен аяқталады.

         54. Оқуды аяқтамаған азаматтарға белгіленген үлгі бойынша анықтама беріледі.

         55. Мемлекеттік мекеме оқушылардың аттестатталу жиілігін, тәртібін және формаларын өз бетінше таңдауға құқылы.

         56. Жалпы білім беру мектептерінде оқу сабақтары 1 қыркүйекте басталып, оқу жоспарына сәйкес аяқталады.

         57. Мектепке дейінгі даярлық сыныптарындағы оқу ұзақтығы - 32 оқу аптасы, 1 сыныптарда - 33 оқу аптасы, 2-11 сыныптарда - 34 оқу аптасы. Мерекелік күндерге сәйкес келген сабақтар келесі күндерге оқу бағдарламасы бойынша қайталауға берілген сағаттар саны есебінде көшіріледі.

         Оқу жылы барысында демалыстар беріледі. Демалыстардың ұзақтығы оқу жылы барысында 30 күннен артық емес мерзімде тұрақталады: күзгі - 7 күн, қысқы 10 күн, көктемгі - 13 күн.Мектепалды және бірінші сыныптарда: қосымша демалыстар - 7 күн.

         58. Оқу жүктемесі, сабақ кестесі мен оқушылардың тәртібі мектептің ережесі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, санитарлы-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға, білім беру және денсаулық сақтау органдарының кеңестері мен оқу жоспарларына сәйкес әзірленген, Мемлекеттік мекеменің ережелерімен бекітіліп анықталады.

10. Ақылы білім беру қызметтерінің тізімі және ұсыну тәртібі

        

         59. Мемлекеттік мекеме ақылы білім беру қызметтерін ұсыну арқылы пайда әкелетін іс-әрекетпен айналыса алады.

         60. Уәкілетті органмен ақылдаса отырып, Мемлекеттік мекеме оқушылар мен ата-аналардың тарапынан болатын ұсыныстарды есепке ала отырып, ақылы білім беру қызметтерін жүзеге асырады.

         61. Ақылы білім беру қызметтері ата-аналар немесе олардың орнын басатын тұлғалардан түсетін өтініштердің негізінде ұйымдастырылады.

         62. Ақылы түрде көрсетілетін қызметтердің құны Қазақстан Республикасы Заңнамасында бекітілген тәртіпте бекітілуі қажет .

         63. Бұл іс-әрекеттен түсетін кірісті тағайындау тәртібі Мемлекеттік мекеме мен Уәкілетті органның келісімімен жүзеге асырылады.

         64. Ақылы білім беру қызметтері түрлерінің тізімі:

         1) қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру (спорт, мәдениет және өнер саласындағы балалар және жасөспірімдер шығармашылығын, бейімділіктерін және қызығушылықтарын дамыту);

         2) оқу жоспары мен бағдарламаларымен белгіленген жеке оқушылармен қосымша білім беруді ұйымдастыру;

         3)оқушылармен пәндер бойынша ғылым негіздерін тереңдетіп меңгеру;

         4) түрлі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу: спорттық сайыстар, семинарлар, кеңестер, оқушылар мен тәрбиеленушілер, педагогикалық қызметкерлер мен ересек адамдар арасындағы конференциялар, сонымен қатар, оқу-әдістемелік әдебиетті әзірлеу және жүзеге асыру;

         5) жазғы демалысты ұйымдастыру, оқушылар мен тәрбиеленушілердің, білім беру мекемесінде өткізілетін түрлі іс-шаралар қатысушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету;

         6) оқу-дайындаушы, оқу-сынақ орталықтарында өнімдердің шығарылуын ұйымдастыру және жүзеге асыру.

         65. Мемелкеттік мекеменің ақылы білім беру қызметтерінің табысы арнайы шотқа аударылады.

         66. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес ақылы білім беру қызметтері негізгі білім беру іс-әрекетінің орнына көрсетілуі мүмкін емес.

11. Қаржыландыру және мектептің материалдық-техникалық базасы

        

         67. Мемлекеттік мекеменің материалдық-техникалық базасын жасау және дамыту бюджеттік қаражат есебінен, ақылы есепте көрсетілген қызметтерден келетін пайда және Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша қарсылық білдірмейтін басқа да табыс көздерінің есебінен жүзеге асырылады.

         68. Мемлекеттік мекеме іс-әрекетінің қаржыландырылуы құрылтайшының мемлекеттік бюджеті, бюджеттен тыс қаражат, Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша қарсылық білдірмейтін басқа да табыс көздерінің есебінен жүзеге асырылады.

         69. Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және заңнамаға сәйкес есеп береді.

         70. Мемелкеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, пайда әкелетін кәсіпкерлікпен айналыса алады.

         71. Мемлекеттік мекеменің кәсіпкерлік іс-әрекеттен түсетін пайда арнайы шотқа аударылады.

         72. Мемлекеттік мекемені тексеру және қаржылық-шаруашылық іс-әрекетін тексеру заңнама қалыптастырған Уәкілетті органмен жүзеге асырылады.

         73. Салық Қазақстан Республикасы салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

12. Педагогикалық қызметкердің құқығы, міндеттері мен жауапкершілігі. Мектеп қызметкерлерінің еңбегін төлеу жүйесі.

Әлеуметтік кепілдік

74. Педагогика қызметіне қажетті кәсіби-педагогикалық білімі бар, мамандық сипаттамасының талаптарына сәйкес, білімі туралы құжаттары бар тұлға қабылданады.

75. Педагогика қызметкерлері:

1) кәсіби қызметін қамтамасыз ету үшін педагогикалық іспен айналысуға;

2) ғылыми-зерттеушілік, эксперименттік-тәжірибелік жұмыспен айналысуға, педагогикалық тәжірибеге жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;

3) жекелей педагогикалық іс-әрекетке;

4) білім беру деңгейіне сәйкес келетін жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарын ұстана отырып, педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастыру формалары мен әдістерін еркін таңдауға;

5) мектептің ұжымдық органдарының жұмысына қатысуға;

6) кем дегенде бес жылда бір рет төрт айдан ұзақ емес мерзімге біліктілігін арттыруға;

7) санатын жоғарылату мақсатында кезектен тыс аттестатталуға;

8) педагогикалық іс-әрекеттегі жетістіктері үшінмемлекеттік грамоталар, құрмет лауазымы, атаулы стипендиялар түріндегі моральдық және материалдық марапаттауға;

9) өзінің кәсіби беделі мен арын қорғауға;

10) әскери қызметке деген шақыртуын кейінге қалдыруға;

11) педагогикалық өтілі сақталу мүмкіндігімен ғылыми іс-әрекетпен айналысуға мүмкіндік беретін шығармашылық демалысқа;

12) білім беру ұйымының үкімдері мен бұйрықтарын қарастыруға;

13) оқушылар, олардың ата-аналары және олардың басқа да заңды өкілдері тарапынан құрметке ие болуғақұқылы.

76. Педагогика қызметкерлері:

1) өзінің кәсіби біліктілігі аумағында білім берудегі іскерліктер мен теориялық және практикалық білімдерін сәйкесінше ие болуға;

2) жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес ұсынылып отырған білім беру қызметтерімен қамтамасыз етуге;

3) оқушыларды жоғары рухани, ата-аналарға деген құрмет, этномәдениеттік құндылықтарды, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасты тәрбиелеуге;

4) оқушылардың бойында өмірлік іскерліктерді, шығармашылық мүмкіндіктерді дамытуға;

5) өзінің кәсіби біліктілігін, интеллектуалды, шығармашылық, жалпы ылыми деңгейін үнемі жетілдіріп отыруға;

6) кем дегенде бес жылда бір рет аттестациядан өтуге;

7) ағымдағы мектептің Жарғысын және педагогикалық этиканың ережелерін сақтауға;

8) оқушыларды, олардың ата-аналары мен басқа да заңды өкілдерінің ар мен беделін құрметтеуге;

9) оқушылардың тарапынан жасалынған қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпаратты заңнамалық органдарға жеткізуге;

10) ауыр өмірлік жағдайда тұрып жатқан оқушыларды анықтағаннан кейін, кем дегенде бір күннің ішінде құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесінің органдарын ақпараттандыруғаміндетті;

11) педагогика қызметкерінің атына кір келтіретін ісі немесе тәртіпті бұзуы үшін педагогика қызметкері Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

12) қызметтік ақпаратты пайдакүнемдік немесе басқа да мақсатта қолдануға жол берілмейді.

13) ұжымдағы тұрақты және позитивті моральды-психологиялық ахуалдың құрылуына жеке үлгі ретінде ықпал етеді.

14) өзініңқызметтіңміндеттерін атқару барысында іскерлік киім үлгісін ұстанады.

         77. Мемлекеттік мекеме аттестациялау комиссиясының шешімі мен тарифтік-біліктік талаптарына сай Бірыңғай тарифтік сетка негізінде қызметкерлерге жалақы жүктемелірін тағайындайды; қосымша үстемақының түрі мен көлемін анықтайды.

         78. Мектеп директоры заңнамада белгіленген тәртіппен:

         1) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, білім беру қызметкер- лерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны үшін;

         2) өз құзырлығына жатқызылған міндеттерді орындамағаны үшін;

         3) мемлекттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарын орындамағаны үшін;

         4) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің және білім беру ұйымы қызметкерлерінің оқу-тәрбие үрдісі кезіндегі өмірі мен денсаулығына;

         5) қаржы-шаруашылық қызметінің жай-күйі, соның ішінде материал- дық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны үшін;

         6) нормативтік- құқықтық актілерде көзделген өзге де тәртіп бұзушы- лықтар үшін жауап береді.

13. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі

         79. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

14. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

         80. Мемлекеттік мекеменің жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Тереңкөл ауданы әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады, және Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңына сәйкес аумақтық әділет органдарында тіркеледі.

15. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

         81. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Тереңкөл ауданы әкімдігінің қаулысы негізінде, сонымен қатар Қазақстан Республикасы заңнамасының басқа да негіздері бойынша жүзеге асырылады.

         82. Оқу жылының аяқталуында жүзеге асырылатын Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру немесе тарату кезінде оқушылардың ата-аналарының келісімін алып, басқа оқу орнына ауыстыру жауапкершілігін Уәкілетті орган алады.

         83. Мемлекеттік мекемені тарату кезінде қалған мүліктер Уәкілетті органның шешімі бойынша басқа білім беру мекемесіне берілуі мүмкін.

         84. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге жазба қалдырғаннан кейін Мемлекеттік мекеме өзінің жұмысын тоқтатады.

16. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер

          85. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

BannerFans.com
<BannerFans.com

Яндекс.Ауа-райы

BannerFans.com

Instagram